USD
USD
USD

Түркия билігі коронавирусқа байланысты 90 мың адамды түрмеден босатады

Түркия парламенті коронавирусқа байланысты 90 мыңға жуық адамды түрмеден босату туралы заңнаманы мақұлдады. Бұл құжаттың қабылдануын 279 адам қолдап, 51 депутат қарсы шыққан, - деп хабарлайды DW.

Түркия билігі коронавирусқа байланысты 90 мың адамды түрмеден босатады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірақ дереккөз мәліметінше, құқық қорғаушылар мен белсенділер Түркия билігін сынға алып жатыр. Себебі бұл заңнама саяси айыптармен сотталғандарға қатысты емес екен. 

Сондай-ақ, дауыс беру алдында Түркияның әділет министрі Абдулхамит Гюльдің коронавирус анықталған үш сотталушының түрмеде қайтыс болғанын хабарлағаны айтылады.

Айта кетейік, соңғы мәліметтер бойынша Түркияда 61 049 адам COVID-19 жұқтырған. Осыған байланысты Түркия билігі қатаң шектеу шараларын қабылдап жатыр. Мұның алдында Иран билігі де коронавирусқа байланысты 85 мың адамды түрмеден босатқан еді.

Қазір оқып жатыр

Украинадағы соғыс аймағында жүрген 14 қазақстандық Ресейдегі елшілікке жеткізіледі

Мейірман Шекеев

Ақтөбе облысында ер адам уақытша ұстау изоляторының төбесі арқылы қашып кеткен

Қашу

Астанада оқушылардың гардеробта қысылып тұрған видеосынан кейін мектеп басшысы жұмыстан босатылды

мектеп

Алматы облысында мәйітін өртеп жіберген полицей өліміне қатысты істі тергеу аяқталды

Аслан Әлсеров