Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркия азаматы алғаш рет ғарышқа ұшпақ

Түркияның ұлттық ғарыш бағдарламасы аясында үш үміткер таңдап алынады. Арада екі жыл өткенде соның біреуі ғарышқа ұшқан алғашқы түрік азаматы атанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркия азаматы алғаш рет ғарышқа ұшпақ
Фото: NEGE.kz

Алматы. NEGE.  Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Ұлттық ғарыш бағдарламасын таныстырды. Жиын барысында ол Түркияның алғаш рет ғарышты ғылыми зерттеуге өз азаматын аттандырғалы тұрғанын мәлімдеді. Өнеркәсіп және технологиялар министрлігінің мәліметінше, кандидаттарды іріктеудің негізгі критерийлерін астрономия, медицина және спорт саласындағы сарапшылар анықтайды. Тиісті құрылымдар соған сай келетін үш үміткерді іріктеп алады, олар екі жыл бойы дайындықтан өтеді. Сосын оқыту курсын ұйымдастыратын құрылым соның ішінен ең үздігін анықтайды. Сол адам Түркияның атынан ғарышқа ұшады. Ғарышқа ұшу рәсімі Түркия Республикасының құрылғанына 100 жыл мерейтойына орайластырылады. Түркиядан баратын астронавт халықаралық ғарыш стансасындағы ғылыми зерттеулерге қатысады. Бұл жерде әңгіме биологиялық зерттеулер мен Түркияның ғарыштағы зерттеулеріне қатысты болып отыр. Бұл миссияның нақты аясы ЖОО-лармен және ғалымдармен кеңескеннен кейін анықталады.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық