USD
USD
USD

Түркия ауған босқындарын қабылдай алмайтынын айтты

Түркия Ауғанстаннан келген бірде-бір босқынды қабылдай алмайды. Бұл туралы елдегі билеуші Әділет және даму партиясының баспасөз хатшысы Омер Челик мәлімдеді.

Түркия ауған босқындарын қабылдай алмайтынын айтты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "Түркия – босқындар лагері емес. Бірде-бір босқынды қабылдауға мүмкіндігіміз жоқ. Біз өзіміз шешім қабылдаймыз. Шекарамызды мұқият күзетудеміз", – дейді Челик журналистерге.

Оның айтуынша, Түркия президенті Ережеп Тайып Ердоған Ауғанстандағы дағдарыстың жан-жақты шешімін тапқанын қалайды.

"Ол қарқынды түрде халықаралық мәміле жүргізіп жатыр. Ресей президенті Владимир Путинмен және Германия канцлері Ангела Меркельмен Ауғанстандағы жағдайды талқылады. Біз "Талибанның" басқаруына өткен Ауғанстандағы адам құқықтары тақырыбын мұқият қадағалаймыз. Ауған халқын жалғыз қалдыруға болмайды, қазір онда нағыз "драма" болып жатыр", – дейді Омер Челик. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев экс-министр Азамат Есқараевты Үндістаннан алдырып, жаңа қызметке тағайындады

Азамат Есқараев

Қазақстан Қарулы күштері Бас штабына жаңа басшы тағайындалды

Атқұрман Омарбеков

Колонияларда мобильді сигнал қуатын шамадан тыс асырған үш операторға айыппұл салынды

Айыппұл

Елена Рыбакина жарақатына байланысты Ухань турнирінен шет қалды

Елена Рыбакина