USD
USD
USD

Түркия Асадтан әскерін Идлибтен алып кетуді талап етті

Түркия президенті Реджеп Ердоған биліктегі әділет пен даму партиясының парламенттік фракциясының отырысында Сирия басшысы Башар Асадқа талап қойды.

Түркия Асадтан әскерін Идлибтен алып кетуді талап етті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Башар Асад ақпан айының аяғына дейін Идлиб провинциясындағы Түркияның бақылау бекеттеріне жақын жердегі әскерін әкетпейтін болса, Түркия оларды өз күшімен қуып шықпақ.  Ердоған Сириядағы жағдайдың ушығып бара жатқанына байланысты, Сириямен шекарадағы қауіпсіздік мәселесін ерекше назарда ұстайтынын мәлімдеді.

«Идлибтен Түркияның бақылауындағы сириялық аудандарға және Түркияның шекарасына қашып келген босқындар саны миллионнан асып кетті. Анкараның мойнына осындай ауыр жүк іліп қоюға ешкімнің қақысы жоқ», - деді Ердоған.  

Түрік президенті бұдан былай Сириядағы бітім туралы келісімді бұзғанддарға қарулы күш қолданатынын бұл туралы Башар Асад пен Ресей президенті Владимир Путинге ескерткенін айтты.

Қазір оқып жатыр

Karachaganak Support Service компаниясының негізін қалаушы 2,2 млн доллар жымқыру ісі бойынша сотталды

Сот балғасы

Оралда екі жасөспірім тоғыз қабатты үйдің шатырынан құлап, қаза тапты

Көпөабатты тұрғын үй

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер