12 Қараша 11:16
...

Түркия прокуратурасы Экрем Имамоғлуны 2 352 жылға соттауды сұрады

Түркия
Фото: 1lurer.am

Түркияда Ыстамбұлдың экс-мэрі, оппозиция өкілі Экрем Имамоғлу 143 қылмыс бойынша айыпты деп танылып, прокурорлар оны 2 352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті. Бұл туралы CNN TÜRK басылымы мәлімдеді.

Астана, NEGE. Бас прокуратура «пайда табу мақсатындағы Имамоғлу қылмыстық ұйымына» қатысты жүргізген айыптау қорытындысында барлығы 407 күдікті көрсетілген. Олардың 105-і қамауда, 170-і сот бақылауында, 7 күдіктіге іздеу жарияланған, 5 адам жәбірленуші-күдікті ретінде тіркелген.

Құжатқа сәйкес, Ыстамбұл мэрі Экрем Имамоғлуға 142 іс бойынша айып тағылған, оның ішінде: 12 іс пара алу, 7 іс қаражатты заңсыз иемдену, 7 бап алаяқтық жасау.

Олардың қатарында: қылмыстық ұйым құру және басқару, қылмыстық ұйымға мүше болу, пара алу, пара беру, лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану, тендерге заңсыз араласу, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарға зиян келтіру арқылы алаяқтық жасау, салық кодексін бұзу т.б. баптар бар.

Прокуратура оған 828 жыл 2 айдан 2 352 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды талап етті.

Айта кетейік, Экрем Имамоғлу бұған дейін оппозиция атынан президенттік сайлауға түсетіні мәлім болған. Ал, Түркияның негізгі оппозициялық Республикалық халық партиясының (РХП) лидері Өзгүр Озель Имамоғлуның бұрынғыдай оппозиция атынан республика президенттігіне кандидат болып қала беретінін мәлімдеді.

Ол бұл мәлімдемесін Ыстамбұл прокуроры Акын Гюрлектің Имамоғлуға қарсы айыптау қорытындысын сотқа жібергені жөніндегі хабарламасына жауап ретінде айтты.

«Бізде ешкім Экремді [Имамоғлу] президенттікке кандидат ретінде алмастыра алмаймыз. Оны біздің партиямыздың 2 миллион мүшесі кепілдеді. Ол Түркияда 15 миллион адамның қолдауын алған президенттікке үміткер болып отыр. Барлығы оны қолдауы тиіс»,— деді Өзель РХП фракциясының парламенттегі отырысында.

Еске салайық, Имамоғлуна 19 наурызда сыбайлас жемқорлыққа және террористік ұйымдармен байланысты деген айып тағылып, 23 наурызда сот шешімімен қамауға алынған. Кейін Түркияда оппозиция ұйымдастырған наразылық акциялары  өтті. Партия басшылығы Имамоғлуны босату және оны оппозиция атынан президенттікке үміткер ретінде қолдау үшін 20 миллионнан астам қол жинағанын хабарлаған.