USD
USD
USD

Түркия «Орталық Азия» терминін «Түркістан» атауына ауыстырды

Түркияның Ұлттық білім министрлігі тарих пәнінің жаңа бағдарламасына түбегейлі өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, «Орталық Азия» термині «Түркістан» деген сөзбен ауыстырылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркілер
Фото: Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Президент Режеп Тайып Ердоған «Түрік ғасыры» бағдарламасы аясында түркі әлемінің жаңа жаһандық держава болу ниетімен Түркиямен бірге «Түркі дәуірін» жалғастыру ниетін жариялады.

Түркия басшысы бірліктің маңыздылығына тоқталып, түркі халықтары геосаяси сын-қатерлерге төтеп беріп, берік болуы керектігін айтты.

Түркияның білім министрлігі бұл көзқарасты 2024-2025 оқу жылына арналған жаңа білім беру бағдарламасы — «Түркия ғасырының білім беру моделі» арқылы қолдайды.

Жаңа бағдарлама аясында, әсіресе, тарих пәнін оқытуға елеулі өзгерістер енгізілді. Мысалы, «Орталық Азия» термині тарихи нақты «Түркістан» ұғымымен ауыстырылды.

Түркия Білім министрлігі мамандарының айтуынша, болашақ ұрпақ түркі болмысын, ұлттық сана-сезімі мен отансүйгіштік сезімімен тәрбиеленеді.

Түрік сарапшыларының пікірінше, «Түркістан» термині ежелгі заманнан бері түріктер қоныстанған жерлерге қатысты қолданылған және оның білім беру бағдарламаларына оралуы тарихи әділеттілікті қалпына келтіруге және түркі әлемінің бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам.

Осылайша, Түркияның білім министрлігі Ұлы Түркістан мұрасын сақтау жауапкершілігін өз мойнына алды.

Қазір оқып жатыр

Депутат: Санжар Боқаевқа тағылған айып бойынша бас бостандығынан айыру жазасы көзделген

бокаев

Ақтөбе облысында төбелес кезінде 17 жастағы жігіт пышақ жарақатынан қаза тапты

Полиция

«ЦОН-дардағы» парақорлықты мемлекеттік корпорацияның өзі анықтаған

Парақорлық

Алатау офшорлық аймақ болмайды – Бозымбаев

Қанат Бозымбаев