USD
USD
USD

Түркия Қырғызстанның 62,3 млн доллар сыртқы қарызын кешірді

Бұл туралы Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкекке мемлекеттік сапармен келген Түркия басшысы Режеп Ердоғанмен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Kazinform.

Ердоған мен Жапаров
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. «Президент Ердоғанға Қырғызстанның Түркия алдындағы сыртқы қарызын өтеу туралы шешім қабылдағаны үшін үлкен алғысымды білдіремін», — деді Садыр Жапаров.

Белгілі болғандай, Түркия «жасыл» экономика жобаларын жүзеге асыру үшін Қырғызстанның 62,3 млн доллар көлеміндегі сыртқы қарызын кешірді.

Сапар қорытындылары бойынша екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты кеңейтуге және мемлекетаралық қарым-қатынасты одан әрі нығайтуға бағытталған 19 екіжақты құжатқа қол қойылды.

Еске сала кетсек, Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған 4 қараша күні мемлекеттік сапармен Бішкекке барды.

Қазір оқып жатыр

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт

1 шілдеден бастап ипотека алу қиындай ма?

Пәтер кілті