USD
USD
USD

Түркия қақтығыстарға байланысты әуе рейстерін шұғыл өзгертті

Израиль мен Иранның қарулы шабуылдарынан соң Түркия өзіне тиесілі ұшақтарды қауіпсіз аймақтармен ұшыруға көшті.

Израиль
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Түрік әуе компаниялары қауіпсіздік мақсатында ұшу бағыттары қауіпті аймақтарды айналып өтуге көшті. Бұл туралы Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Абдулкадир Уралоғлу әлеуметтік желіде хабарлады.

Әзірге Израиль, Иран, Сирия және Ирактың әуе кеңістігі Израильдің жасаған соққылары мен аймақтағы қауіпсіздікке төнген қатердің артуына байланысты уақытша жабылыпты.

Министр нақтылап өткендей, Израиль, Тегеран және Бағдад үстіндегі әуе кеңістіктері арнайы жарияланған хабарламалар аясында жабылады.

«Оқиғаларға байланысты Азаматтық авиация бас басқармасы және тиісті әуе компаниялары барлық қажетті шараны қабылдады. Ұшу бағыттары қауіпті аймақтардан айналып өтетіндей қайта жоспарланды. Жолаушылар мен экипаждың қауіпсіздігі – басты басымдық. Дағдарыс штабының жұмысы жалғасып жатыр. Turkish Airlines бастаған әуе компаниялары 16 маусым, дүйсенбіге дейін Иран, Ирак, Сирия және Иордания бағытындағы рейстерін тоқтатты», – деді министр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс