Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістандықтар қуаңшылық қысқан өңірлерге көмектесті

Түркістан облысынан еліміздің батыс өңірлеріне 67 вагон шөп жіберілді, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі.

Түркістандықтар қуаңшылық қысқан өңірлерге көмектесті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шөп тиелген вагондар Сарыағаш қаласының теміржол стансасынан жолға шықты. Оның бірнешеуі көрші Қызылорда облысына бағытталған. Биылғы ауа райының қуаңшылығына байланысты бұл өңірде де мал азығы тапшылығы орын алғаны белгілі.

Түркістан облысы әкімдігі тарапынан Батыс облыстардың шаруаларына мал азығын жөнелтіп, көмек көрсету жөніндегі еріктілер мен демеушілердің атқарып отырған жұмыстарына жан-жақты қолдау көрсетілуде. Қажеттілік болған жағдайда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы және Түркістан облысы әкімдігі, демеушілер есебінен қосымша 100 вагон бөлуге келісім бар. 

Құрғақшылық Түркістан облысында да орын алды.

Дегенмен, бүгінгі таңда өңірдегі жағдай тұрақты. Табиғи шөп бітік шықпағанына қарамастан, егістікті әртараптандыру орман қорындағы босалқы жайылым жерлер шаруалардың уақытша пайдалануына беру шараларының нәтижесінде облыстағы мал басына қажетті 3,9 млн тонна мал азығын 100 % дайындауға толық мүмкіндіктер бар.

 

Қазір оқып жатыр

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі

Иорданиялық бақылаушы: Қазақстанның сайлауды ұйымдастыру тәжірибесі шынайы қызығушылық тудырады

Бушра Абу Шухут

«Чарли Чаплин» Құрылтай сайлауында дауыс берді

Чарли Чаплин

Құрылтай сайлауында ел тұрғындарының жартысынан астамы дауыс беріп үлгерді

Құрылтай сайлауы