Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістандықтар «Индиго 24» қаржы пирамидасына 2,5 млрд теңгеге алданды

Түркістан облысында 2500-ден астам тұрғын қаржы пирамидасына алданған.

Түркістандықтар «Индиго 24» қаржы пирамидасына 2,5 млрд теңгеге алданды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің 5 облысының бірқатар тұрғындары қаржы пирамидасының шырмауына шырмалып, алданған болатын. Бүгінде аталған барлық қылмыс істер біріктіріліп, Түркістан облысы ПД ТБ-ның өндірісіне берілген. ҚК 217-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша қылмыстық іс тергелуде.

Осы жағдайға байланысты Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді уәделерге сенбей, барынша қырағы болу керектігін ескертеді. Бүгінде жоғарыдағы қылмыстық іс бойынша 70-тен аса тұлға анықталып, оның ішінде 24 адам күдікті деп танылған. Қазіргі таңда Түркістан облысы бойынша тергеу органына 2500-ке жуық азамат «Индиго 24» пирамидасына иланып, алданып қалғаны жөнінде арызданған.

Оларға келген материалдық шығын 2,5 млрдқа жуық теңгені құрады.

Қазіргі таңда қылмыстық іс бойынша тәжірибелі тергеушілермен тергеу амалдары жүргізілуде.

«Сондықтан Түркістан облысының тұрғындарына ескертеміз. Егер сіз «Индиго 24» қаржы пирамидасының құрбаны болсаңыз, міндетті түрде Жетісай ауданы Асықата кентінің полиция бөлімшесіне келіңіз. Не болмаса «102» жедел желісі арқылы хабарласыңыз» деп ескертелі полиция.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда соңғы жылдары алғаш рет интернет-алаяқтық саны төмендей бастады

Интернет-алаяқтық

Аутизмді «емдейміз» деп ақша алады: Қазақстанда мұндай орталықтарды кім бақылайды?

.

Оралда есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында Спартакиада өтіп жатыр

Спартакиада

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті