USD
USD
USD

Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант алып беремін деп танысын алдап кеткен

Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант алып беремін деп танысын алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық тұрғын қайтарымсыз грант алып беремін деп танысын алдап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын әйел алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағымданды. Ол арызында сырттай таныс ер адам мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін деп, қызметі үшін 300 мың теңге ақшасын алып, жарты жыл бойы алдап келгенін жеткізген.

Тұрғынды алдап, ақшасын қалтасына басқан күдіктіні ұстау үшін тәжірибелі полицейлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Нәтижесінде күдікті тұрғылықты мекен-жайынан анықталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Аталған факті ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алынды.

Белгілі болғандай, күдікке ілінген ер адам алған ақшаны өзінің бас пайдасы үшін жаратқан. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала

Қайрат Сатыбалдының мемлекетке сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton