USD
USD
USD

Түркістандық шаруалар қырыққабат егіп жатыр

 Түркістан облысы Сарыағаш ауданының шаруалары жылына бір алқаптан үш рет өнім алу жобасын жүзеге асырып келеді. Бүгінгі таңда жергілікті шаруалар қырыққабат көшетін отырғызу жұмысын бастап кетті. Бұл жайында ҚазАқпарат жазды.

Түркістандық шаруалар қырыққабат егіп жатыр
Фото: NEGE.kz

 

Алматы, NEGE. Ерте өнім беретін қырыққабат дақылын егу науқанына қазірдің өзінде бірнеше шаруа қатысып, қызу жұмыстар жүруде.

Егінді ерте бастағандардың бірі — Жартытөбе ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі «Алмас» шаруа қожалығы.

Бүгінгі таңда қожалықтың төрағасы Алмас Алимқожаевтың еншісіндегі жерге қырыққабат дақылы егіліп жатыр.

Диқандар қаңтардың әрбір күнін тиімді пайдаланып, жауын-шашынға қарамастан жұмыс істеуде. Өнім 2 ай көлемінде піседі.

Ерте пісетін өнім түріне сұраныс көп болғандықтан шаруалар осы түсімге ерекше үміт артып отыр.

Биыл ауданда 69700 гектар егістік жер игерілген.

Оның ішінде 30 мың га бидай, 7600 га арпа, 5000 га дәндік жүгері, 500 га бұршақты дақыл, 1809 га майлы дақыл, 1200 га бақша, 4000 га картоп, 10500 га көкөніс және 9000 га мал азықтық дақылдары өсірілген.

Егілген егістік жерден 46826 тн астық пен дәнді дақылдар, 850 тн бұршақты дақылдар, 2020 тн майлы дақылдар, 26675 тн бақша өнімдері, 92000 тн картоп және 310151 тн көкөніс өнімдері алынған.

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.