USD
USD
USD

Түркістандық полицейлер жоғалып кеткен баланы іздегендерге алғыс айтты

Түркістан облысының полицейлері Ордабасы ауданында жоғалып кеткен баланы іздеуге қатысқандарға алғыс білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістандық полицейлер жоғалып кеткен баланы іздегендерге алғыс айтты
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Естеріңізге сала кетейік, Ордабасы АПБ-нің 102 пультіне Шұбарсу ауылының тұрғыны белгісіз бағытқа кетіп, қайтып оралмаған 8-сынып оқушысы кәмелетке толмаған баласының хабар-ошарсыз кеткенін айтқан болатын.

Хабарды алған Ордабасы ПБ-нің полицейлері жедел және іздестіру іс-шараларын өткізді, соның ішінде жақын маңдағы барлық аумақтарды аралап, куәгерлермен сұхбаттасты. Жоғалған баланы іздеуге еріктілер, жергілікті тұрғындар және мүдделі органдардың өкілдері де қатысты. Іздестіру нәтижесінде полиция қызметкерлері өз үйінің ауласындағы септикте 14 жастағы баланың денесін тапты, ол оқыс жағдайдан қайтыс болды деп болжануда.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Сараптама тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері қаза тапқан баланың туыстарына көңіл айтады және жоғалған баланы іздеуге белсенді қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреді.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары балаларын қараусыз қалдырмау қажеттілігі туралы ескертеді. Егер сіздің балаңыз жоғалып кетсе, дереу полицияға 102 телефонына хабарласыңыз.

 

Қазір оқып жатыр

Ақын Ербол Бықыбаев терроризмді насихаттады деген күдікпен ұсталды

Ербол Былықбаев

Хайнаньда 150-ден астам қазақстандық рейсті бір тәуліктен аса күтуге мәжбүр болды: Air Astana мән-жайды түсіндірді

 Air Astana

Трамптың ұлы мен мен Кремльге жақын кәсіпкер Қазақстанда кездесіп, іскерлік келіссөз жүргізген болуы мүмкін – БАҚ

Умар Кремлев, кіші Трамп

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID