USD
USD
USD

Түркістандық полицейлер кісі өліміне қатысы бар күдіктілерге іздеу жариялады

Түркістан облысының Полиция департаменті адам өлтірді деген күдікке ілінген екі адамға іздеу жариялады.

Түркістандық полицейлер кісі өліміне қатысы бар күдіктілерге іздеу жариялады
Фото: NEGE.kz

Атап айтқанда, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша күдікті 14.12.1985 жылы дүниеге келген Абдукаримов Санжар Жұмадиллаұлы іздестірілуде. Сондай-ақ 24.07.1989 жылы дүниеге келген Пашекеев Бахтияр Ғалымұлына да іздеу жарияланды.

Ол дәл осы баптыі 2-бөлігі бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген. Екеуінің де бұлтартпау шарасы –  қамауға алу.  

Облыстық Полиция департаменті іздеудегі ер адамдарға қатысты қандай да бір ақпарат болса, ведомствоның кезекші бөліміне 102, 8(725-33) 5-97-65 немесе іздестіру тобына 8-747-789-06-79 байланыс нөмірлері арқылы хабарлауыңызды сұрайды.

Айта кетейік, берілген ақпараттың құпиялығы сақталады және арнайы сыйақы қарастырылған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс