Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістанды салуға қанша қаржы бөлінді?

 Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев өңір орталығының құрылысына бөлінген қаржы сомасын атады. 

Түркістанды салуға қанша қаржы бөлінді?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Түркістанды арнайы қаржыландыруға қатысты аңыз өте көп. Толықтай алғанда, біз аяқтағалы отырған бірінші кезеңге 445 млрд теңге жұмсалды. Оның жартысы жеке инвестиция, ал қалған бөлігі – бюджет қаражаты. Бюджет қаражатының барлығы «Нұрлы жер», «Нұрлы жол», «Ауыл – ел бесігі» мемлекеттік бағдарламалары аясында бөлінді. Яғни, барлығы да халық санына сай республикалық бюджеттен теңгерімді бөлу нормативтеріне, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар аясында болды. Әрине, Президенттің, Үкіметтің тапсырмасымен жүзеге асырылатын жекелеген жобалар да бар», – деді Өмірзақ Шөкеев Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингі барысында.

Сонымен қатар ол еліміздің барлық облыстары Түркістан қаласында бір-бір нысаннан салғандығын атап өтті. «Бұл жеке арнаулы хаттамаға сай жүзеге асырылды. Осылардың барлығын ескерер болсақ, Түркістан облысын қаржыландыруда шектен шыққан ештеңе де жоқ», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық