USD
USD
USD

Түркістандағы құрылыс жұмыстары уақытында аяқталады

өтенше жағдайға қарамастан Түркістан қаласындағы құрылыс жұмыстары уақытында пайдалануға беріледі.

Түркістандағы құрылыс жұмыстары уақытында аяқталады
Фото: NEGE.kz

ТБұл туралы облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалық етуімен өткен апталық лездеме отырысында белгілі болды.
Алматы, NEGE. Отырыста белгілі болғандай, алдын ала белгіленген жоспарға сәйкес 2020 жылға өтпелі нысандардың құрылысы мамыр-қыркүйек айларында толық аяқталып, ел игілігіне беріледі. Ең алдымен Тұңғыш Президент саябағы, орталық аллея, Әзірет Сұлтан тарихи-мәдени қорық-музейінің аумағын абаттандыру жұмыстары толық аяқталады. Көне шаһарда жаңа ғимараттардың құрылысына өңірлер, ұлттық компаниялар және бизнес өкілдері атсалысып жатыр.
Бой көтерген басқармалар ғимараты, департаменттер ғимараты, конгресс орталығы, Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, стадион, цифрлық кеңсе, бассейні бар спорт кешені, смарт сити байланыс желілері, қалалық саябақ, драма театр, ғылыми-әмбебап кітапхана, Ұлы дала елі орталығы, Қ.А.Яссауи мұражайын биыл пайдалануға беру жоспарлануда. Бұдан бөлек, әкімшілік-іскерлік орталығында 7 инженерлік инфрақұрылым нысандарының(су, кәріз, электр, газ, жылу, жол және абаттандыру) құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде.
Сондай-ақ, «Rixos Turkestan», «Hampton by Hilton», «Нұр-әлем» қонақ үйлері мен «Әкімшілік ғимаратын қонақ үй етіп қайта құру», «Караван Сарай» және 5000 орындық мешіттің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Барлық құрылыс алаңдарында санитарлық-профилактикалық шаралар күшейтілген.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

.

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

.

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

науқас

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Құрбанәлі Ахмет