USD
USD
USD

Түркістанда зияткерлік мектеп ашылды

Түркістан қаласында зияткерлік мектеп салтанатты түрде ашылды.

Түркістанда зияткерлік мектеп ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан қаласында «A.Q. ORDA» зияткерлік мектебі салтанатты түрде ашылып, пайдалануға берілді, деп хабарлайды өңірлік коммуникациялар қызметі.  Жаңа білім ұясы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында бой көтерген. Онда 1-6 сынып оқушыларына дәріс қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектепте пәндер тереңдетіп оқытылумен қатар хореография, вокал, робототехника, қаржылық сауат сынды түрлі үйірмелер де жұмыс істейді. Тіпті, домбыра және шахмат жеке пән ретінде енгізілген. Оқу ордасында өз саласының білікті ұстаздары сабақ береді. Арасында шет елдерде білім алғандары да бар.

Мектептің ашылу салтанатында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов түркістандықтарды жаңа мектептің ашылуымен құттықтап, педагогтардың еңбегіне шығармашылық табыс тіледі. Ақылы негізде оқытатын мектеп бүгіннен бастап жұмысын бастады.

Қазір оқып жатыр

Блогер Ерболат Жанабылов жұбайымен жанжалдан кейін әкімшілік жауапқа тартылды

Ерболат Жанабылов, Эльмира Төлегенова

40 млрд теңге және 2 млн-дай бір реттік доза: Қарағанды облысында ірі есірткі зертханасының жұмысы тоқтатылды

Есірткі зертханасы

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль