USD
USD
USD

Түркістанда жұмысшысының атына онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды

Түркістанда жұмысшысының атына 1,5 млн теңге көлемінде онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістанда жұмысшысының атына онлайн несие рәсімдеп алған тұрғын анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан қалалық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Оның айтуынша, белгісіз біреу оның атынан онлайн несие рәсімдеп, алаяқтық жасағанын айтқан. Келтірілген шығын көлемі – 1,5 млн теңге. Полицейлер аталған фактіні ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылар ер адамды алдап, оңай жолмен олжа таппақ болған алаяқты ұстауға қатысты жедел-іздестіру іс-шараларды жүргізді. Нәтижесінде оны тәулік ішінде анықтап, полиция басқармасына жеткізді. Ол жәбірленушінің сауда дүкеніңдегі иесі, жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғандай, ер адам қол астындағы жұмыс жасайтын қызметкерінен сауданың кіріс-шығыс есебін тексеремін деген сылтаумен оның телефонынан банк қосымшасы арқылы онлайн несие рәсімдеп алған.

Ал қомақты қаржыны жеке бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда болған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс