USD
USD
USD

Түркістанда жоғалып кеткен 5 сынып оқушысына қатысты тың деректер шықты

Түркістандық полицейлер  5 сынып оқушысын іздестіру бойынша жаңа ақпарат алды

Түркістанда жоғалып кеткен 5 сынып оқушысына қатысты тың деректер шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полиция бөлімшесіне жергілікті тұрғын арызданып, шамамен сағат 17:00-де кәмелет жасына толмаған қызының үйінен ойнауға шығып кетіп, қайта оралмағанын жеткізген еді.

Әйелдің арызы бірден тіркеліп, ПД бастығының тікелей тапсырмасымен із-түссіз жоғалған қызды табуға жеке құрам жұмылдырылды.

Полиция бірнеше күннен бері, күндіз-түні Інжу Ескерместі іздеп жатыр. Көмекке қала тұрғындары, еріктілер, білім ошақтарының ұжымы қосылып, қызметтік иттер, дрондар қолданылды. 

ЖБО-на қосылған бейнежазбаларды зерделеу барысында Інжудің аулада ойнағаны, одан соң жол бойымен белгісіз бағытта кетіп бара жатқаны анықталды.

Інжумен бірге ойнаған көрші қызбен бірнеше рет тілдесу арқылы, екеуінің бірге су ағып жатқан каналға барғаны, Інжу сумен ойнағысы келіп, абайсызда каналға құлап кетіп, шыға алмай қалғаны анықталды.

Қазір полицейлер осы бағыт бойынша қайта жоспар құрып, іздеу жұмыстарына ТЖ қызметкерлерін шақырды. Іздеу  жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе