USD
USD
USD

Түркістанда заңсыз ойын бизнесі анықталды

Түркістан облысының полицейлері заңсыз ойын бизнесінің 8 дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістанда заңсыз ойын бизнесі анықталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Сарыағаш қаласында ойын бизнесін ұйымдастырудың 8 дерегін анықтап, қызметіне тосқауыл қойды.

Нақтырақ айтсақ, жедел уәкілдер арнайы операция нәтижесінде сотты болғанына қарамастан, қайта қылмыс жасап, заңсыз ойын бизнесін, яғни “электронды казино” ұйымдастырған Сарыағаш ауданының 2 тұрғынын анықтады.

Алдын ала мәліметтер бойынша, бір ғана мекеменің заңсыз қызметінен ай сайын миллион теңгеден астам табыс түскен. Ойын мекемелері мен ұйымдастырушыларының тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде аппараттық-бағдарламалық кешендер, техникалық құрылғылар, құжаттар, ақшалай қаражат және басқа да заттай дәлелдемелер алынды.

Қазіргі уақытта аталған жайттар бойынша ҚР ҚК-нің 307-бабы (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде осы қылмысты жасауға қатысы бар өзге адамдардың кінәсі анықталады. Оқиғаның толық мән-жайы тексерілііп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада вокзалдағы асхананың төбесі опырылып түсті

асхана

Алматыда полицей әкесінің өліміне байланысты күдікке ілінген екі жасөспірім үйқамаққа жіберілді

судья

Сербия президенті Александр Вучич отставкаға кететінін мәлімдеді

Александр Вучич

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы