USD
USD
USD

Түркістанда шенеуніктер 1 принтерді 9 млн теңгеден сатып алмақ болды

Түркістан облысында мемлекеттік сатып алу саласына жүргізілген мониторинг нәтижесінде 103 млн теңге үнемделген. Бұл туралы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінде өткен баспасөз жиынында айтылды.

Түркістанда шенеуніктер 1 принтерді 9 млн теңгеден сатып алмақ болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Брифингте департамент басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет «Бірыңғай сатып алу терезесі» веб-порталының ақпаратын талдау арқылы мемлекет қаражатын тиімсіз мақсатта жұмсауға ниеттенген мекемелерді атап өтті. Оның айтуынша, Сауран аудандық ішкі саясат бөлімі принтердің 5 данасын 44 642 855 теңгеге сатып алуды жоспарлаған.

«Яғни, бір принтердің құны 8 928 571 теңге болған. Ал Түркістан облыстық әкімдігінің басқармасы әжетхана тазалағыш құралының 150 данасын 7 657 950 теңгеге алмақ болған. Бұдан бөлек, Ордабасы аудандық тұрғын-үй, коммуналдық шаруашылық, автомобиль жолдары және жолаушылар көлігі инспекциясының «Темирлан благоустройство» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бір аялдаманы салу үшін 17 857 140 теңге жұмсауды көздеген. Сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны 493 тонна жаздық дизель отынының 1 литрін – 276 теңгеге (жаздық дизель отыны литріне – 230 теңге) бағалаған. Дизель отынын жалпы 25 470 395 теңгеге сатып алуды жоспарлаған»,- дейді Нұрдәулет Сәмет.

Айта кетейік, департамент тарапынан жолданған ұсыныс хаттардан кейін асыра жоспарланған баға қайта қаралған.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер