USD
USD
USD

Түркістанда сатушысыз дүкен әлеуметтік тәжірибесі жүргізілді

 Облыс орталығы Түркістан қаласында «сатушысыз дүкен» әлеуметтік тәжірибесі жүргізілді.

Түркістанда сатушысыз дүкен әлеуметтік тәжірибесі жүргізілді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Орталық базарға барар жолға орнатылған үстел үстіне тәттілер мен сусындар қойылды. Қасындағы қорапқа «Барлығы 200 теңге» деп жазылып, сатушының орнына банк счеты бар телефон нөмірі көрсетілді.

Қала тұрғындары бұл экспериментте жақсы нәтиже көрсетті. Зат алған азаматтардың барлығы ақысын қалдырып кетіп жатты. Тіпті, кей тұрғындар араға бірнеше минут салып кайта айналып келіп, қажетті заттарын алды. Эксперимент жасаушылар бұл әрекеттің барлығын видеоға түсіріп алған.

Айта кетейік, бұдан бұрын Кентау қаласының базарында да әлеуметтік эксперимент жүргізілген болатын. Онда тосыннан қойылған әнұранға тұрғындар бірден тоқтай қалып, бірге шырқаған.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт