USD
USD
USD

Түркістанда «Raiymbek Fest» театр фестивалі өтіп жатыр

Түркістанда Қазақстанның халық әртісі Райымбек Сейтметовтың 85 жылдығына орай «Raiymbek Fest» I Республикалық театр фестивалі өтіп жатыр, деп хабарлады «Хабар 24».

Түркістанда «Raiymbek Fest» театр фестивалі өтіп жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еліміздің 11 өңірінен келген театр ұжымдары 3 күннен бері түрлі тақырыптағы сахналық қойылымын көрермен назарына ұсынып жатыр. Мақсат – қазақ кәсіби театрларының өнерін насихаттап, қазіргі келбетін таныту және өнер ұжымдарының өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Талантты әртістер мен дарынды режиссерлерді анықтау, - дейді ұйымдастырушылар.

 Байқауға өнер саласына еңбегі сіңген театр сыншылары мен кәсіби мамандар қазылық жасайды.

 Балтабай Сейітмамытұлы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері:

 - Райымбек аға – менің ұстазым, мен – ол кісінің ең бірінші шәкіртімін. Ол кісінің артынан еріп келе жатырмын. Актер болдым, одан режиссер болдым. Талай жылдар театрда. Спектакльдер қойдым. Міне, сол кісінің арқасында қазір бүкіл республикадан келіп, театрлар өнерін көрсетіп жатыр. 11 спекталь еді, енді осыдан кейін 3 қойылым қалды. Әр спектальді көріп, бағасын беріп, қандай жетістігі бар, қандай кемшілігі бар – бәрін айтып жатырмыз.

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.