USD
USD
USD

Түркістанда мұз сарайы салынып жатыр

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Түркістанды абаттандыру жұмыстары мен бірқатар құрылыс нысандарының жай-күйін бағдарлау үшін шаһарды кезекті рет аралап шықты.

Түркістанда мұз сарайы салынып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өңір басшысы әуежай бағытындағы аумақтағы жасыл белдеу мен Шаға көлінің жағдайымен танысып, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын тексерді. Одан кейін өңір басшысы Түркістан қаласының дамуында аса маңызды бірқатар құрылыс нысандарын аралады.

Солардың бірі – қысқы спорт түрлеріне арналған ғимарат. Мұз сарайының құрылысы биыл тамыз айында басталған. Жалпы жер аумағы – 1,92 гектар, ғимарат құрылысының көлемі – 4160,9 шаршы метр. Бүгінде нысанның іргетасы қаланып, бірінші қабатын көтеру жұмыстары жүріп жатыр.

Бұл ғимаратта қысқы спорт түрлері дамытылып, үйірмелер ашылады. Түркістан тарихында тұңғыш рет қысқы спортпен кәсіби түрде айналысуға мүмкіндік жасалады.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе