USD
USD
USD

Түркістанда күйеу баласы қайын атасының темір қақпасын ұрлап кеткен

Түркістанда күйеу баласы қайын атасының темір қақпасын ұрлап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістанда күйеу баласы қайын атасының темір қақпасын ұрлап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан қаласының жергілікті тұрғыны өз үйінің аумағына қарайтын учаскелік полиция инспекторына арызданып, үйінің темір қақпасын ұрлап кеткенін жеткізді. Аталған жайт сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне енгізіліп, ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркелді.  

Орын алған ұрлық дерегін “ізін суытпай” ашу мақсатында полицейлерден арнайы топ құрылып, жедел-іздестіру шаралары іске асты. Жақын аралықтағы темір алып-сататын орындарда тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде Түркістан қаласында темір қабылдайтын орындардың бірінен ұрланған қақпа табылды. Одан соң қақпаны жымқырған күдіктінің жеке басы анықталып, Полиция басқармасына жеткізілді.  

Анықталғандай, күдікті ер адам жәбірленушінің күйеу баласы болып шықты. Ол қайын атасының ешкім тұрмайтын екінші үйіне ұрлыққа түсіп, қақпаны алып кеткен. Сондай-ақ күдікті ер адамның бұдан басқа 4 ұрлық дерегіне қатысы бары белгілі болды. Қазіргі уақытта күдікті деп танылған ер азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Астанада әйел 15-қабаттан секіріп, бала отырған арбаның үстіне құлаған

.

Қазақстанда «миллион пәтер тегін беріледі» деген жалған видео тарады

.

Ақмарал Әлназарова қайтыс болғаннан кейін донор болуға келісім берді

Ақмарал Әлназарова

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.