USD
USD
USD

Түркістанда қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогі басталды

Түркістанда қазақ күресінен Азия кубогы басталды. 

Түркістанда қазақ күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогі басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан қаласында «Olympic center» спорт сарайында алғаш рет қазақтың ұлттық күресінен «Turan Barysy» Азия Кубогі басталды. Бұл туралы ҚазАқпарат Мәдениет және спорт министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Жарысқа Түркия, Өзбекстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Мажарстан және Қазақстан балуандары қатысып жатыр. Шараның салтанатты ашылуында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев спортшыларға сәттілік тілеп, министрлік әрдайым ұлттық спортты дамытуды қолдайтынын жеткізді.

«Спорт пен мәдениет – барша халықтың басын бір арнаға қосатын ортақ алаң. Соның ішінде қазақ күресі түркі жұртына етене жақын өнер түрі. Байырғы бабаларымыз балуандықты нағыз жігіттің ерекше сипаты деп білген. Қазақ күресі бұған дейін де «Әлем Барысы», «Евразия Барысы», «Қазақстан Барысы» секілді жобаларымен халыққа, әлем жұртына кеңінен таныс. Бүгін тұсауын кескелі отырған «Turan Barysy» болашақта спортсүйер қауымның қызығып тамшалайтын үлкен жобасына айналады деп сенемін», - деді Дәурен Абаев.

Қазір оқып жатыр

Түбегейлі өзгеріс емес, нысаналы түзету: Үкіметте неге төрт-ақ министр ауысты?

Үкіметтің жаңа құрамы

Сүлейменов Ұлттық қордан алынатын 5 трлн теңге инфляцияға қалай әсер ететінін айтты

инфляция

Тоқаев Мәдениет және ақпарат министрілігінің жаңа басшысына бірқатар міндет жүктеді

Ақпарат және мәдениет министрін қабылдады

Талғарда қылмыстық істі тоқтату үшін тегін демалмақ болған екі полицей ұсталды

Маңғыстау