USD
USD
USD

Түркістанда ІІ Түркі Универсиадасының ашылу салтанаты өтті

Түркістанда екінші Түркі Универсиадасының ашылу салтанатты өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Түркістанда ІІ Түркі Универсиадасының ашылу салтанаты өтті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жарысқа Қазақстаннан бөлек, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан және Мажарстаннан келген 450-ге жуық спортшы қатысады. Шараны Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастырды. Ал жас спортшылар үстел теннисі, шахмат, волейбол, футзал, дзюдо, еркін күрес, грек-рим күресінен күш сынаспақ. Жарыс 10 қарашаға дейін жалғасады.

Саясат Нұрбек, ҚР Ғылым және жоғары білім министрі:

- Өткен жылы Самарқандта өткен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде: Қазақстан түркі әлемінің Атажұрты ретінде ұйымға мүше барлық елмен жан-жақты қарым-қатынасты дамытуға айрықша мән беретінін жеткізіп, елімізде ІІ Түркі универсиадасын өткізуді ұсынды. Универсиаданы өткізу орны да кездейсоқ таңдалмаған, Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы. Бұл тек бастама. Түркі елдерін біріктіретін іс-шаралар келесі жылы да жалғасын табады. Баршаңызды осындай жарқын оқиғамен құттықтаймын және сәттілік тілеймін!

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

жаппай тобелес

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза