USD
USD
USD

Түркістанда еріктілер орталығы ашылды

Бүгін Түркістан қаласында «Ашық жүрек» еріктілер орталығының ашылуы болды.

Түркістанда еріктілер орталығы ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оған Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы Сейдулла Кеңесбайұлы және Қазақстан Еріктілер лигасының Түркістан облысындағы атқарушы директоры Жүрсін Нұрболат, Еріктілер лигасының лидері Айдана Есіркеп және «Ашық жүрек» жобасының волонтерлары қатысты.

Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облысы Қоғамдық даму басқармасы «Жастармен жұмыс» бөлімінің басшысы Сейдулла Кеңесбайұлы игі бастамаға ілтипатын білдіріп, бұл жобалардың маңыздылығына баса назар аудару керектігін айтты.

«Ашық жүрек» жобасы Қазақстан Еріктілер лигасы қоғамдық қоры жастар арасында волон-терлік брендін танымал ету үшін, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен жүзеге асып жатыр. Осы жоба арқылы жастар арасында еріктілердің жаппай қозғалысын құру, балаларда саналы белсенді азаматтық позицияны, жауапкершілікті қалыптастыруға және әлеуметтік маңызды мәселелерді шешу үшін қоғамға қатысты оң іс-әрекеттерді жүзеге асыруға ықпал етуді көздейді.

 «Біздің ұйым 2013 жылдан бастап қызмет атқаруда және біз Қазақстандағы ең ірі волонтерлік қозғалыстардың біріміз. Бүгінде лигада 7000-нан астам белсенділер қызмет атқарып жүр және барлық аймақтарда өкілдеріміз бар. Карантиннің алғашқы күндерінен бастап Лига волонтерлері халқымыздың мұқтаж санаттарына азық-түлік себеттерін жеткізіп, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Осы «Ашық жүрек» жобасы арқылы да қазіргі қоғамның дамуының маңызды факторының бірі, әлеуметтік көмек мәдениетін қалыптастыруға күш саламыз», – деді Қазақстан Еріктілер лигасының Түркістан облысындағы атқарушы директоры Нұрболат Жүрсін.

Сондай-ақ шағын гранттар байқауы «Ашық Жүрек» жобасы аясында өткізіледі. Барлығы 107 шағын грант бар. Қазақстан Республикасының барлық өңірі бойынша бастамашыл топтар үшін 300 000 теңгеден 56 шағын грант, 300 000 теңгеден 42 шағын грант 14 об-лыстың волонтерлері мен волонтерлік ұйымдары үшін беріледі.Ал 500 000 теңгеден 9 грант республикалық маңызы бар қалалардың волонтерлеріне арналған. Мұндай мүмкіндіктің бәрі елдегі волонтерлардың санының артуына және оларды әлеуметтік маңызы бар жұмыстарға тарту мен әр түрлі тіркеуде тұрған кәмелетке толмағандардың санын азайтуға өз септегін тигізеді.

Қазір оқып жатыр

Украина Назарбаевтың ескерткішін бұзудан бас тартты

Нұрсұлтан Назарбаев

«50 жыл ешкімге керек болмады»: Баян Алагөзова Қыз Жібектің камзолына қатысты өз ойын айтты

Баян Алагөзова

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Баян Алагөзова

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Қасым-Жомарт Тоқаев