Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Түркістанда елдегі ең ірі аурухана салынып жатыр

Түркістанда еліміздегі ең ірі ауруханалардың бірі салынуда. 8 қабатты көпсалалы медициналық орталықтың құрылысы 16 гектар жерді алып жатыр.

Түркістанда елдегі ең ірі аурухана салынып жатыр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 570 төсек-орынға шақталған заманауи емдеу кешені Қазақстанда жоспарланған ірі жиырма аурухананың алғашқысы саналады. Инвестициялық жобаны Денсаулық сақтау министрлігі арқылы мемлекеттік – жекешелік әріптестік аясында YDA Group түрік инвесторы жүзеге асыруда.

Нысанның құны 200 млрд теңгеден асады. 2019 жылы басталған құрылысты 2022 жылға қарай аяқтау жоспарлануда.

Өңірдегі ғана емес, республикадағы ең ірі медициналық мекемелердің бірі болатын аурухананың жалпы ауданы 80 мың шаршы метрден асады. Әлемдік стандарттарға сай салынып жатқан аурухана толық пайдалануға берілгеннен кейін 2000-нан астам медицина қызметкері тұрақты жұмыспен қамтылады.

Жобаға сәйкес, мұнда 13 бейінді бөлімше мен жүрек-қан-тамыр және коронарлық реанимация, гематология, оның ішінде күйікпен емдеудің 2 қарқынды терапиясы (ICU) бөлімшелері ашылмақ.

Бұдан басқа, көпсалалы аурухана қабырғаларында 16 операциялық бөлме, оның ішінде 13 жоспарлы және 3 шұғыл көмек жұмыс істейтін болады. Кешенде барлығы 11 блок бар, олардың 9-ында монолитті жұмыстар жүргізілуде. Нысанды салуға 100-ден астам құрылысшы жұмылдырылған. 4 мұнара краны мен 12 техника тартылған.

Қазір оқып жатыр

eGov пен мемлекеттік сервистердің уақытша істен шығу себебі айтылды

eGov

Магистратура бойынша грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады?

грант

ФИФА Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға 250 мың доллар бөлді

ФИФА

Қазақстандықтар eGov сайты ашылмай тұрғанын айтып, шағымданды

ақау