USD
USD
USD

Түркістанда дабыл қағылды

Түркістанда ақпанның он сегізіне қараған түні дабыл қағылды. Облыс орталығының құтқару қызметі көктемгі су тасқынына дайындық жасап, түнгі жаттығулар өткізді.

Түркістанда дабыл қағылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Басылымның хабарлауынша, Түркістан қаласының әкімдігі су тасқынына дайындық жасап, құтқарушылар үшін түнгі жаттығулар ұйымдастырған. Оқу-жаттығу жұмыстары қала маңында өткізілді.

«Жаттығу барысында Шаған каналының арнасын тазаладық, қамыс өртедік. Көктемде қар еріген кезде мәселе туындамас үшін бірнеше шақырымды тазалап, канал аштық. Көктемде су тасқыны болады деп күтілуде. Төтенше жағдай болмас үшін осындай оқу-жаттығу жұмыстарын өткіздік», –  деді Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Талғат Досалиев.

Жаттығу жұмыстарына Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та қатысты.

«Оқу-жаттығуларға жүзден астам адам, отыздан астам арнайы техника жұмылдырылды. Қала тұрғындарына қауіп төніп тұрған жоқ, бұл жай тексеру әрі жаттығу жұмыстары. Қалада бәрі тыныш, алаңдамаңыздар», – деп түсіндірді Рашид Аюпов.

Қазір оқып жатыр

«Газ баллонын ашып, әдейі өрт тұтатқан»: Шахтинскідегі жарылыстың мән-жайы айтылды

Шахтинскідегі өрт

Ақмола облысында шахтада заңсыз алтын іздеуші қаза тапты

ТЖ

Трамп Иранның электр станцияларына соққы жасауды бес күнге кейінге қалдыруды тапсырды

Трамп

Тоқаев Иранның БАӘ аумағын бомбалауына алаңдаушылық білдірді

Тоқаев, Мұхаммед Саид Мұхаммед әл-Арики