USD
USD
USD

Түркістанда алаяқ мектептердің шотынан ақша ұрлаған

Түркістан облысы Шардара қаласында алаяқ мұғалімдердің шотынан өзіне ақша аударып алып отырған, деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістанда алаяқ мектептердің шотынан ақша ұрлаған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Шардара аудандық полиция бөліміне Шардара қаласының бірнеше мектебінің шоттарынан, яғни мұғалімдердің жалақысынан басқа шотқа ірі соманы заңсыз аудару дерегі бойынша хабарлама келіп түскен. 

"Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде тәртіп сақшылары бір тәулік ішінде алаяқтың шоты мен күдіктінің жеке басын анықтады. Оның Алматыда екені белгілі болды. Шардара аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері алаяқты ұстап, оны аудандық полиция бөліміне жеткізді", - делінген хабарламада.

Жас жігіт бұрын қаржы саласында жұмыс істегені белгілі болды. Былтыр қыркүйекте ол жұмыстан шығып, Алматыға келген.

"Жұмыссыз қалған жігіт "оңай жолмен" ақша тапқысы келген. Жеке деректерді пайдаланып, алаяқ 40-тан аса мұғалімнің жалақысын өз шотына аударған. Жәбірленушілерге келтірілген залалдың жалпы сомасы 17 миллион теңгеден асты. Айғақ ретінде күдіктіден 1,5 миллион теңге тәркіленді", - деді полиция қызметкері.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан бензин мен дизель отынын шетелге шығаруға тағы алты айға тыйым салды

Ресейге бензин жеткізу

Ақтөбеде тағы бір келіншек бұрынғы күйеуінің қолынан ажал құшты: күдікті ұсталды

Полиция көлігі

Қазақстанда Toyota мен Lexus көліктерін несиеге беретін компанияға ескерту жасалды

көлік

Қазақстанда медициналық ұйым басшыларының әрбір бесіншісі тестілеуден өте алмаған

МӘМС