USD
USD
USD

Түркістанда Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы мейрамхана өртенді

Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы «Жеті тандыр» мейрамханасы өртенді. Тілсіз жау қоғамдық тамақтану орнының 400 шаршы метр аумағын шарпыған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістанда Ахмет Ясауи кесенесінің жанындағы мейрамхана өртенді
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. ҚР ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын ғимараттың екінші қабатынан шыққан. Сөйтіп ғимараттың шатырына қарай өткен.

«Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД, апаттар медицинасы орталығының 28 қызметкері мен 11 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 12.50-де оқшауланды. Өрт көлемі нақтыланып жатыр. Оқиға орнында жедел штаб ұйымдастырылды. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін келушілер ғимараттан өз бетінше шығып кеткен. Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция