USD
USD
USD

Түркістанда 9-сынып оқушысы сәбилі болды

Түркістанда 9-сынып оқушысы өмірге бала әкелді. Бұл туралы қалалық прокуратура жанындағы ведомствоаралық жиында айтылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Түркістанда 9-сынып оқушысы сәбилі болды
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Адами әлеуетті дамыту бөлімі басшысының мәліметінше, ерте жүктілік бойынша есепке алынған оқушы қыз қаңтар айында босанған.

Кәмелетке толмаған ана қазір баласымен бірге Аналар үйінде.  Облыстық білім басқармасы мамандарының дерегінше, оқушының өзі ата-ана қамқорлығынсыз қалған. Ол осыған дейін 75 жастағы кейуананың патронаттық қарауында болған екен. Айы-күні жақындағанға дейін сабағынан қалмаған.

– Оқушы 24 қаңтар күні босанған. Кәмелетке толмаған ана мемлекеттік емтихан да тапсырмақ болған. Некрасов атындағы мектеп ұжымы осы жағдайға байланысты жиын өткізіліп, ұстаздар мен  тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, психологтарға ескертілді, – деді Адами әлеуетті дамыту бөлімінің бастығы Оразкүл Қолдасова.

Қазір оқып жатыр

VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарындағы жеңімпазға қатысты дауға нүкте қойылды

жеңімпаз

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция