USD
USD
USD

Түркістан: Жыл басынан бері 20 бала суға кетті

Түркістан облысында биыл жазатайым оқиғалар бойынша 27 адамның суға бату фактісі тіркелді. Оның 20-сы - жас балалар.

Түркістан: Жыл басынан бері 20 бала суға кетті
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Ерік Сарыбаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, соңғы 5 жылда, яғни 2016-2020 жылдар аралығында облыстағы су айдындарында жалпы 252 адам қаза болып, оның ішінде 140 бала болған.

«Қайғылы оқиғалардың негізгі себептері - балаларды есік алдындағы суаруға арналған арықтардың жанында үлкендердің қарауынсыз қалдыру, балалардың шомылуға рұқсат етілмеген ауыл маңындағы каналдарға шомылуы, күннің суықтығына қарамастан таулардың ортасында орналасқан сарқырамаға түсіп, өз күшін дұрыс бағаламау», - деді Ерік Темірханұлы.

Бүгінгі таңда су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелері бойынша профилактикалық жұмыс қарқынды ұйымдастырылуда.

Аудандық және қалалық төтенше жағдай қызметкерлері аудандық, қалалық жергілікті полиция қызметімен бірлесіп, 142 рейд жүргізген. 85 азаматқа әкімшілік айыппұл салынған.

Қазір оқып жатыр

Борышкерлердің шотында өмір сүруге жететін қаражат қалуы керек – депутат

Алмас Мұхаметов

Тоқаев «Лукойл» компаниясының негізін қалаушы Вагит Алекперовпен кездесті

Қасым-Жомарт Тоқаев, Вагит Алекперов

Тіл жайлы сөзі үшін басы дауға қалған гидті полиция тексереді

Татьяна

Шұжықта не барын ДНҚ арқылы анықтайтын тест әзірленді

баға