USD
USD
USD

Түркістан тұрғыны көлік нөмірінің орнына балағат сөз жазып алған

Түркістан тұрғыны көлік нөмірінің орнына бейәдеп сөз жазып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан тұрғыны көлік нөмірінің орнына балағат сөз жазып алған
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Түркістан қалалық Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіп пен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күнделікті жұмыс атқарады. Осындай кезекті жұмыс кезінде полицейлер жол ережесін бұзу бойынша әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.

Нақтырақ айтсақ, тәртіп сақшылары С.Ерубаев көшесіндегі қалалық саябақтың жанында мемлекеттік нөмірінің орнына бейәдеп сөз таққан Hyundai Accent көлігін байқады. Содан тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау үшін жедел шаралар қабылдады. Нәтижесінде полицейлер мемлекеттік нөмірдің орнына бейәдеп сөз орнатқан Hyundai Accent автокөлігі жүргізушісінің жеке басын анықтады.

Аталған Түркістан қаласының тұрғынына қатысты полиция қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 1-бөлігі (Көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Автокөлік айыптұраққа қойылды.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық