USD
USD
USD

Түркістан облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы ұсталды

Бүгін Түркістан облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы Түгел Бекбайұлы Бекімбетов парамен ұсталды. Бұл туралы Nege.kz редакциясына тұрақты оқырманымыз хабарлады.

Түркістан облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы ұсталды
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Оқырманымыздың айтуынша, облыстық азаматтық сот алқасының төрағасы Түгел Бекімбетовті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері құрықтаған. Сот төрағасы азаматтық істі апелляциялық сатыда оңтайлы шешіп беру үшін кезекті рет 220 мың теңге пара алып жатқан жерінен қолға түскен.

Түгел Бекбайұлы Бекімбетов 1963 жылы Өзбекстанның Тахтияташ қаласында дүниеге келген. Қазақ, орыс, өзбек тілдерін біледі. Университетті Тәшкенде бітірген. Заң ғылымының докторы. 2015 жылы 18 желтоқсанда ҚР Президентінің жарлығымен Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы болып тағайындалған.  

Қазір оқып жатыр

Президент ұстанымы: заң алдында бәрі тең, жауапкершілік баршаға ортақ

Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан құрамасы Молдоваға тағы да есе жіберді

Қазақстан Молдова

Тоқаев ҚТЖ жұмысын сынға алды

Қтж

Кувейтте ауруханаға түскен қазақстандық бортсерікке консулдық көмек көрсетіліп жатыр – СІМ

Қазақстандық бортсерік