USD
USD
USD

Түркістан облысының ұстаздары интернет іздеп, жол жиегін жағалауға мәжбүр

Түркістан облысындағы Аққұм ауылының мектеп мұғалімдері электронды журналды толтыру үшін күнде ноутбукпен жақын маңдағы тас жолға шығуға мәжбүр.

Түркістан облысының ұстаздары интернет іздеп, жол жиегін жағалауға мәжбүр
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Мұғалімдердің ноутбук арқалап, жол жиегінде интернет іздеп жүрген фотосы желіде қызу талқыға түсті.

Фотодағы Аққұм ауылында интернет пен байланыс мәселесі  көптен шешілмей келеді. Мектеп оқушылары информатиканы тек теориялық түрде меңгереді, ал ұялы телефонмен сөйлесу үшін тауға шығуға тура келеді.

Ауыл мұғалімдер электронды журналдарды күнде толтырулары керек, ал интернет жақсы ұстайтын жалғыз орын жақын маңдағы тас жолдың жанында орналасқан. Мұғалімдер облыс орталығынан жіберілген хаттарды дер кезінде ашпағаны үшін сөгіс алады. Мектепте интернет болғанымен, трафик айына 10 ГБ-пен шектелген – бұл үш күнге ғана жетеді әрі қосылу жылдамдығы да өте төмен. Мұғалімдер осы режимде екі жылдан астам жұмыс істеп келе жатқанын айтып, шағымданды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс