USD
USD
USD

Түркістан облысының тұрғыны танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған

Түркістан облысында танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған күдікті ер адам анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының тұрғыны танысының телефонын ұрлап, ақшасын шешіп алған
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Түлкібас аудандық полиция бөліміне шымкенттік тұрғын ұрлық қылмысының құрбаны болғаны жөнінде шағымданды.

Яғни, жәбірленушінің айтуынша, танысы оның құны 50 мың теңге болатын Huawei телефонын жымқырып, шотынан 75 мың теңге ақшасын шешіп алған. Келтірілген шығын көлемі – 125 мың теңге. Оқиға орнына барған түлкібастық полицейлер күдіктінің ізіне, жүрген бағытына қарай аяқ басты.

Көп кешікпей тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынды анықтады. Белгілі болғандай, бірге ішімдік ішкен кезде жәбірленушінің масаң күйін пайдаланған ер адам оның телефонын байқатпай әкетіп, шотындағы ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. 

Ер адамнан қолды болған телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Аталған факт ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазір оқып жатыр

Боранбаевтың бұрынғы фитнес орталығы 2,3 млрд теңгеге сатылды

кәсіпкер

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: депутат әйелдердің қауіпсіздігіне қатысты пікір білдірді

Мәжіліс депутаты Жанарбек Әшімжанов

«20 жылдан бері террористпін»: Атырауда никаб киген екі әйелдің үстінен іс қозғалды

Видеодан үзінді/Ақ Жайық

«Ұмай» ипотекасына бөлінген 20 млрд теңгенің лимиті бір күнде таусылды

Пәтер кілті