USD
USD
USD

Түркістан облысының тұрғыны таңғы жетіде қыз ұзату өткізген

Түркістан облысында таңғы жетіде той өткізгендер ұсталды. Карантин талаптарын бұзғандарды анықтау үшін әкімдік дрон қолданған.

Түркістан облысының тұрғыны таңғы жетіде қыз ұзату өткізген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қарабұлақ ауылының тұрғыны таңғы сағат 7:00-де 150-ге жуық адамды жинап, той өткізген. Мерекелік шараның ерте өткізілгеніне қарамастан, той ұйымдастырушысы жауапқа тартылыпты. 

Әкімдік өкілдері той туралы хабарды белгісіз біреу әкімнің өзіне жеткізгенін айтады. Мониторинг тобы көрсетілген мекенжай бойынша келген, алайда бұл жерден ешкімді таба алмапты. Алайда дронның көмегімен айналаны бақылап шығуды ұйғарған олар, қыз ұзатудың басқа жерде өтіп жатқанын анықтаған. Өз кезегінде әкімдіктегілер ұшқышсыз ұшу аппараттары заңбұзушылыққа жол бергендерді анықтау үшін жиі қолданылатынын атап өтті. Тойға келгендер үйлеріне тарқасып, ал басқосуды ұйымдастырған айыппұл арқалады. 

Қазір оқып жатыр

Құрылтай сайлауына сайлаушылардың 74,19%-ы қатысты – ОСК

Құрылтай сайлауы

Албания Орталық сайлау комиссиясының өкілі: Келушілер қарасы мол

Құрылтай сайлауы

Маңғыстауда жаңа сайлау учаскелерінде дауыс беру белгіленген тәртіппен ұйымдастырылып жатыр

Балым

Ер адамдардың бір-бірін құшақтап, сүйіп амандасуы дұрыс емес – Тоқаев

жүріс-тұрыс әдебі