2 Мамыр 09:42

Түркістан облысының екі ауданында әкім ауысты

Фото:

Түркістан облысында екі ауданға жаңа әкім тағайындалды 2020 жылғы 2 мамыр 01:45Бөлісіңіз: ТҮЛКІБАС. ҚазАқпарат – Түркістан облысында Ордабасы және Түлкібас аудандарына жаңа әкім тағайындалды. Аймақ басшысы Өмірзақ Шөкеевтің өкімімен Түлкібас ауданын Нұрлан Байғұт, Ордабасы ауданын Нұрбол Тұрашбеков басқаратын болды.

Алматы, NEGE. Екі әкімді аудан активтеріне таныстырған Өмірзақ Шөкеев алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстарға тоқталды. Айта кетейік, Нұрлан Байғұт 1974 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында туған. Білімі жоғары, біліктілігі инженер-экономист. Еңбек жолын 1997 жылы Шымкент қаласы бойынша салық комитеті жеке тұлғаларға салық салу бөлімінің салық инспекторы болып бастаған.

1998-2005 жылдар аралығында Оңтүстік Қазақстан аумақтық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мониторинг, ақпарат және талдау бөлімінің бас маманы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігі коммуналдық меншікті және активтерді басқару бойынша департаменті коммуналдық меншік және жекешелендіру бөлімі бастығының орынбасары, мемлекеттің қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғаларымен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы қаржы және коммуналдық меншік департаменті жалға беру және жекешелендіру бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы қызметтерін атқарған. 2005 - 2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас және Төлеби аудандары әкімдерінің орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы құрылыс басқармасының бастығы, облыс әкімі аппараты ұйымдастыру-инспекторлық бөліміндегі облыс әкімінің бас инспекторы лауазымдарын атқарған. 2016-2018 жылдары Түркістан облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы болып еңбек етті. 2019 жылдан бері Түркістан облысы кәсіпкерлік және сауда басқармасының басшысы қызметін атқарған. Ал, Нұрбол Әбдісаттарұлы 1980 жылы Төлеби ауданында туған. Мамандығы инженер-экономист. Еңбек жолын 2001 жылы Ордабасы ауданында жер кадастр бюросынан бастаған. 2002 жылы Ордабасы аудандық жер-кадастрлық бюросының меңгерушісі, 2009 жылы Сайрам жер-кадастрлық бюросының директоры, 2010 жылы «Оңтүстік Қазақстан жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» еншілес мемлекеттік кәсіпорнының директоры, 2012 жылы (Астана қаласы) «Жерге орналастыру ғылыми-өңдірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны бас директорының бірінші орынбасары қызметіне тағайындалған. 2016 жылдың сәуір айынан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының «Жер кадастры ғылыми-өндірістік орталығы» дирекциясы директорының орынбасары, «Жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру» дирекциясы Мемлекеттік жер кадастры басқармасының басшысы лауазымын атқарған. Бірнеше жауапты қызметтерде еңбек еткен Нұрбол Тұрашбеков 2017 жылдан бері Түлкібас ауданының әкімі лауазымын атқарып келген.

Тегтер: