USD
USD
USD

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне құрмет көрсетілді

Республика күніне орай, Түркістан облысында денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысының денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. Атап айтқанда, облыс әкімінің орынбасары Арман Сабитовтың қатысуымен Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық наградаларын табыстау рәсімі өтті. Ақ желеңді абзал жандар «Еңбек ардагері» және «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Марат Пашимов өз кезегінде медицина саласын жақсарту мақсатында еңбек етіп жүрген қызметкерлерге «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісін тапсырды.

Жалпы, 2021 жылы Түркістан облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы шеңберінде 4 фельдшерлік-акушерлік пункт салынып, ауыл тұрғындарына пайдалануға берілді. Биыл тағы да 4 фельдшерлік пункт құрылысы жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, ауылдық жерлерде және шалғай елді мекендерде тұратын халыққа консультациялық-диагностикалық қызметтер көрсету үшін барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған жылжымалы медициналық кешендер жолға шығарылды.

2021 жылы 2 809 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, оның ішінде 109 қызметкер АҚШ, Түркия, Ресей елдерінде білімдерін жетілдірді. Осы жұмыстар биыл да жалғасын тауып жатыр. 2022 жылдың 9 айында 1 223 медицина қызметкері біліктілігін арттырды, сондай-ақ Түркия еліне оқуға жіберу жоспарланып отыр. 2023 жылы 4 аудандық аурухананы (Сайрам, Ордабасы, Сарыағаш, Жетісай) көпбейінді аудандық аурухана етіп қайта құру көзделген.

Қазір оқып жатыр

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев

Астанада бір донор бірден үш науқасқа өмір сыйлады

Донор мен дәрігерлер

Қарағанды облысында бес жерде табиғи өрт сөндірілуде

Қарағанды облысындағы өрт аумағы

Жетісуда еңбек өтілі 20 жылдан асатын шенеунік құмар ойын үшін жұмыстан босатылды

Шенеунік