USD
USD
USD

Түркістан облысының бес ауданында елді мекендер жарықсыз қалды

Түркістан облысының бес ауданындағы кейбір елді мекендер жарықсыз қалды. Қазір «Оңтүстік Жарық» мекемесі электр желілерін қайта қалпына келтіріп жатыр, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының бес ауданында елді мекендер жарықсыз қалды
Фото: NEGE.kz

Түркістан, NEGE. «Ауа райының күрт нашарлауы салдарынан (екпінді жел 25-28 м / с дейін күшейіп, жаңбырдың арты қарға айналды) Түркістан облысының бес ауданындағы (Бәйдібек, Отырар, Ордабасы, Кентау және Арыс қалалары) кей елді мекендерде электр тасымалдау желілері үзілген. Түні бойы және қазіргі уақытта «Оңтүстік Жарық» мекемесінің жедел-құтқару жасағы электр желілерін қайта қалпына келтіру жұмысын жүргізуде» делінген хабарламада. Бұл аумақтарда 20-дан астам бригада, 100-ден астам адам, 30-дан астам техника жұмылдырылған. «Жағдай облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бақылауында. Барлық мүдделі органдардың қатысуымен штаб құрылды. Жоғарыда аталған аудан, қалалардың әкімдері мен құтқару қызметінің барлық техникасы дайын» делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Омаровтың анасына тиесілі зауыт аумағындағы өрттің алдын ала себебі анықталды

өрт

Астанада үй алдындағы аулада екі жасар баланы көлік қағып кетті

патрульдеу

Тұрсын Алагөзов Шымкент сыра зауытының қызметкерлеріне 50 пәтер тарту етті

Тұрсын Алагөзов

Тоқаев: Цифрлық теңгені кеңінен қолдану «ойын ережесін» өзгертеді

Қасым-Жомарт Тоқаев