USD
USD
USD

Түркістан облысындағы жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды

Түркістан облысындағы жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды, деп хабарлады Полиция.

Түркістан облысындағы жоғалған әйелге қатысты жаңа деректер пайда болды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Жоғалған Г.Нарджигитованың туыстарынан сұрау барысында, оның құны 1 миллион теңгеден асатын алтын бұйымдарды сатуға шыққаны анықталды. Содан әйелдің 1 тәуліктен астам хабар-ошарсыз жоғалғаны күмән туғызды. Сотқа дейінгі тергеу басталып, жедел-тергеу тобы құрылды. 

Жоғалған әйелді іздеу шараларына облыс полицейлері жұмылдырылды. Оның ішінде Мақтаарал АПБ-ның барша жеке құрамы, көрші полиция бөлімдерінің қызметкерлері мен Жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың жеке құрамы бар.

«Егер сізде жоғалған 1985 ж.т. Гүлсім Нарджигитова туралы қандай да бір ақпарат болса, Мақтаарал АПБ-ға 8-725-41-21-2-02, 8-747-541-62-56 немесе 102 телефондары бойынша хабар беруіңізді сұраймыз», – делінген полиция хабарламасында.

Бұл факті Түркістан облысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC