USD
USD
USD

Түркістан облысындағы тауда жоғалған жетінші туристің денесі табылды

Түркістан облысының тауларынан тағы бір дене табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді.

Түркістан облысындағы тауда жоғалған жетінші туристің денесі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «22 маусым сағат 11.50 кезінде Шымкент қаласы ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары мәйітті Айғыржыққан және Өгем өзендерінің тоғысқан жерінен екі шақырым жоғарыда су түбінен тапқан», – деді Талғат Уәли.

Алдын ала ақпарат бойынша, марқұм 1994 жылы туған. Дене сараптама жүргізу үшін полиция қызметкерлеріне беріледі.

Оқиға орнына «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы жіберілді.

Айта кетейік, іздестіру жұмыстары 8 бағыт бойынша жүргізілді. Оған 107 адам, 17 техника, 3 квадрокоптер, 4 кинологиялық есеп пен 1 тікұшақ жұмылдырылды.

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай