USD
USD
USD

Түркістан облысындағы қыздың өлімі: Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Бас прокуратура Түркістан облысындағы кәмелетке толмаған қыздың өліміне қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Түркістан облысындағы қыздың өлімі: Бас прокуратура мәлімдеме жасады
Фото: NEGE.kz

.

Астана, NEGE. 13 шілдеде Түркістан облысының Сарыағаш ауданында зорлық-зомбылықпен өлтірілген кәмілетке толмаған қыз өлі табылды. Сол күні полиция қызметкерлері бұл қылмысты жасады деген күдікпен бұрын бірнеше рет сотталған Г.-ны ұстады және уақытша ұстау изоляторына қамады.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 99-бабының 3-бөлігі (кәмелетке толмаған адамды өлтіру) бойынша соталды тергеу басталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Күдікті Г. бұрын адам өлтіргені үшін 2006 жылы 10 жылға бас бостандығынан айырылғаны анықталды.

2023 жылғы мамырда Г. ішімдік ішіп отырып, ауылдасымен жанжалдасқан соң, оны балтамен ұрғаны белгілі болды. Сот Г.-ның жәбірленушімен татуласқанын, бұрын соттылығының жойылғанын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеумен 3 жыл бас бостандығын шектеу тағайындалды.

Бас прокуратура бұл үкімге жазаны қатаңдату және бас бостандығынан айыру жазасын тағайындау туралы кассациялық наразылық келтірді.

Г.-ның пробациялық бақылауда бола тұра аса ауыр қылмыс жасағаны ескеріліп, пробация қызметкерлеріне қатысты соталды тергеу басталды», - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес адамға қарсы аса қауіпті қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейтуге бағытталған заңнамалық түзетулер блогы дайындалып жатыр.

Осы қылмыстар бойынша санкцияларды қайта қарау, жаза тағайындау және босату тәртібін өзгерту, соттылықтың күшін жою, адамға қарсы ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін жазасын өтеп жатқан адамдарға әкімшілік қадағалауды белгілеу шарттары пысықталып жатыр.

Қылмыстық істің тергеу барысы бас прокурордың жеке бақылауына алынды.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті