USD
USD
USD

Түркістан облысындағы қару ұрлығы: 29 автомат, 28 тапаншаны қалай алып шыққан?

Оқиғаға қатысты екі қылмыстық іс қозғалып, үш адам ұсталған. 

Түркістан облысындағы қару ұрлығы: 29 автомат, 28 тапаншаны қалай алып шыққан?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ішкі істер министрлігі Түркістан облысындағы әскери бөлімнен бір қызметкердің бірнеше қаруды қалай алып кеткені туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Естеріңізге сала кетсек, 20 ақпан күні Түркістан облысында Әуе қорғанысы күштерінің әскери бөлімшесінде келісімшарт бойынша қызмет етіп жүрген кіші сержант А.Балғынбай кезекшілікті өз бетімен тастап шығып, біраз қару-жарақты ұрлап кеткен болатын. Сол күні ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы әскери қызметшіні қолға түсірді. Әскери бөлімнен бірнеше қару ұрлаған әскери қызметші Абылай Балғынбайдың екі сыбайласы ұсталды.

«Ақпанның 19-нан 20-сына қараған күні келісімшартпен қызмет ететін сержант Балғымбай өзінің 1995, 1996 жылы туған екі досымен бірге 29 автомат, 28 тапанша мен екі сүңгі пышақты қолды етті. Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің бірлескен жедел-тергеу тобы күдіктілерді ұстады, қару тәркіленді», - деді ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов.

Әділов әскери бөлімдегі қару тек бір күнде ұрланбағанын растады.

«Қаңтар айының соңы мен ақпан айының басы аралығында әскери қызметші сақтау қоймасынан 1-2 қарудан ұрлаған. Ал бірнеше автоматты қолды ету үшін өзінің достарын шақырған», - деді министрлік өкілі.

Қарудың басым бөлігі бір түнде ұрланған. 

«Ол (Балғымбай) екі тапаншаны 120 мың теңгеге сатты. Олар тәркіленді. Қалған қару достарында сақталған», - деді Әділов.

Қазір оқып жатыр

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова сүйінші жаңалығын бөлісті

Әбиба Әбужақынова

Атырауда түрмедегі төбелестен кейін бір адам көз жұмды

түрме

Альпинист Ерванд Ильинскийге «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

альпинист

Қазақстанда тағы бір блогерге іздеу жарияланды

Ильяр Ювашев