USD
USD
USD

​Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

Осы оқиға бойынша тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды

​Түркістан облысында жол апатынан үш адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Polisia.kz.

Түркістан, NEGE. Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан-Кентау тасжолында Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

Бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-ші «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

«Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады», - делінген хабарламада.

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе