USD
USD
USD

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты

Бәйдібек аудандық полиция бөліміне 17 шілде күні сағат 09:00 шамасында Шаян ауылы маңында жол апаты болғандығы туралы хабарлама келіп түсті, деп хабарлады Полиция. 

Түркістан облысында жол апатынан 9 адам қаза тапты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық маңызы бар Екпінді-Созақ тас жолы бойында Nissan, Toyota Camry және Volkswagen Grafter автокөліктерінің соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан көлік құралдары өртенген.

Нәтижесінде 9 адам қайтыс болып, 13 адам ауруханаға жеткізілді. Екі адам медициналық көмектен бас тартты.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Nissan автокөлігі қарсы бағытқа шығып кеткен. Оқиға орнына бірден Түркістан облысы ПД басшылығы барды. Қазір ЖКО бойынша Бәйдібек АПБ полицейлері жұмыс жасауда.

Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда. Бұл факт ҚР ҚК 345-бабы бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Қазір оқып жатыр

Қытай мен Непал шекарасында жоғалып кеткен қазақстандықтардан әлі хабар жоқ – СІМ

су тасқыны

Ақмола облысында істің қаралуын созбалаңға салған әкімге жаза тағайындалды

ақша

Вячеслав Ким Alatau City-де көпфункционалды хабты іске қосты

Вячеслав Ким

Тоқаев Орта дәліз арқылы Кореядан Еуропаға өтетін көлік бағытын дамытуды ұсынды

Бірінші «Орталық Азия – Корея Республикасы» саммиті