USD
USD
USD

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім даяшы болып жүрген жерінен табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім даяшы болып жүрген жерінен табылды,  деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысында жоғалып кеткен жасөспірім даяшы болып жүрген жерінен табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Созақ аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғыннан арыз келіп түсті. Онда қызының сағат 13:00 шамасында үйінен шығып, хабарсыз кеткенін көрсеткен. Бойжеткеннің ата-анасы өз бетінше екі күн бойы іздеген, алайда еш нәтиже шықпаған.

Содан соң полиция қызметкерлеріне арызданып, көмек сұраған. Полиция қызметкерлері бірден бойжеткен қызды іздеуге бағытталған шаралардың барлығын атқарды. Таныстарының, туыстарының үйлерін жіті бақылап, көріп немесе білуі мүмкін деген адамдардан сұрастыру жұмыстарын жүргізді.

Соның нәтижесінде 1 тәулік ішінде қыздың жүрген жері анықталып, 400 км қашықтықта орналасқан Жетісай қаласында даяшы болып жұмыс істеп жүрген жерінен табылды.

Өз кезегінде қызының дін аман табылғанына қуанған әкесі полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. 

Қазір оқып жатыр

Қайрат Сатыбалдының мемлекете сыйға тартқан қонақүйі үш есе арзанға сатылды

DoubleTree by Hilton

Ресейлік сарапшылар мен дипломаттар Тоқаевтың Жолдауын талқылады

.

Ақтөбе облысында тоғыз күн ішінде «Қазхромның» екінші жұмысшысы қаза тапты

ТЖ

«Самұрық-Энерго» компаниясының жаңа басшысы тағайындалды

Аңсар Айдаров