USD
USD
USD

Түркістан облысында жоғалған екі жігіт өлі табылды

Түркістан облысынығ тауларында жоғалған екі туристің мәйіті табылды. Бұл туралы ТЖМ ресми өкілі мәлімдеді.

Түркістан облысында жоғалған екі жігіт өлі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. "29 мамырда сағат 00:30-да үздіксіз іздестіру жұмыстарының барысында Өгем өзенінен бір адамның жансыз денесі табылды. Ол 1999 жылы туған тауда жоғалып кеткен туристер тобының бірі екені анықталды. Екінші жігіттің мәйіті бүгін Өгем өзенінен 3 шақырым жерден табылды" - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Жігіттердің денесі Қазавиақұтқару" АҚ МИ-171 тікұшағымен Шымкент қаласына жөнелтілді.
Қалған екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр. Жерде оларды құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалғандардың туыстары іздестіріп жатыр. Сондай-ақ, әуеден іздеу үшін ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ екі борты жұмылды.

Аталған дерек бойынша Түркістан облысының полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады. Сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша өлімнің себебі анықталады.

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен. Кеше жоғалған 7 жігіттің үшеуі табылды. 

Қазір оқып жатыр

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

Оқиға орны

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай